Оқушылар Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаны таныстырды

Оқушылар Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаны таныстырды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент "Таза Қазақстан" экофестиваліне арналған көрмені тамашалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрме экспозицияларын аралап көрді.

Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар, балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.

Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Президентке Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget