- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушылар науқасқа диагностика...
Оқушылар науқасқа диагностика жасап, дәрі-дәрмек жазып беретін қосымша әзірледі
Алматылық оқушылар сырқатқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі. Жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас өнертапқыштардың айтуынша, dAIgnosis қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған.
"Біз сырқатты нақты белгілермен анықтауды жасанды интеллектке нөлден бастап үйреттік немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сонымен бірге жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс", - дейді Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Артур Кнабик.
Айта кетейік, бір күн бұрын республикалық физика-математика мектебінің оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан