Оқушылар мектептің ішінде самокатпен жүрген видео: полиция тексеріс жүргізді

Оқушылар мектептің ішінде самокатпен жүрген видео: полиция тексеріс жүргізді
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде мектеп оқушыларына қатысты видеолар тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі өкілдері осы жайттарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеолардың бірінде жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратында самокатпен жүргені, ал енді бір видеода себепсіз дәлізде жүрген қыздар көрінеді.

"Бұл бейнематериалдар толық тексерілді. Нәтижесінде бейнежазбаларда көрсетілген оқиғалар Қазақстан аумағында болмағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство шындыққа сәйкес келмейтін мәліметті таратпауды сұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget