Түркияда теңізде жүзетін мектеп кеме бар. Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Хатай облысына қарасты Искендерун қаласында балалардың үздіксіз білім алуы үшін әлемдегі ең үлкен кемелердің бірі орта мектепке айналдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір каникул мезгілі болғандықтан мектепте оқушылар жоқ. Ал кеменің ішінде мектепке қажеттің барлығы бар. Бұл жердел жақын маңдағы ауылдардан келетін балалардың жатуына да мүмкіндік жасалған.
"Бұл кеме негізінде Англия мен Ирландия арасында жүретін кеме болған. Біздің компания жер сілкінісінен кейін осы кемені сатып алып, бір ай ішінде оны мектепке лайықтап жасап шықты. Бұл жерде мектепке қажетті барлық нәрсе бар. Интерактив тақталар, кітапхана, спортзал сияқты балаға керектің бәрін жасадық", - деді кеменің басшысы Оғыз Шахин.
Кеменің орталық палубасы асхана, кинотеатр және оқушылардың сабақтан тыс уақытта демалатын орыны ретінде қайта жарақталыпты. Бұл жерде тұру да, білім алу да тегін.
"Балалар кәдімгі орта мектептегідей білім алады. Емтихандар тапсырады. Яғни кеменің ішіндеміз демесек, барлығы қарапайым мектептердегідей. Таңертең келіп, түске дейін оқып үйлеріне қайтады. Бұдан бөлек біз жер сілкінісі кезінде ата анасынан, жақындарынан айрылған балаларға күн сайын психологиялық көмек те көрсетеміз", - дейді мектептің үйлестіру жөніндегі орынбасары Зейнеп Шахин.
Мектеп-кеме Қара теңіздің Искендерун қаласындағы жағалауында тұр. Ашық теңізге шықпайды тек осы жағалауда тұрады. Балалардың контейнер қалашықта емес осындай әдемі мектеп-кемеде оқып жатқандарына ата аналары да мұғалімдері де қуанышты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!