- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- күзетші туралы
Оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектескен күзетші желіні тәнті етті

Әлеуметтік желіде оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектескен күзетшінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылары жантебірентер көрініске тәнті болды. Otyrar.kz мәліметінше, видеодағы "күзетші ұстаздың" есімі - Жәнібек Қалдыбеков.
"Түстен кейін балалардың үйіне қайтатын уақыты еді. Бір бала отыр еді. Қарасам есеп шығарып отыр екен. Өзім де есепке қызығамын. Біздің бұрынғы есепке ұқсайды екен. Сосын екеуміз орындадық. Бір жігіт отыр еді. Түсіріп алыпты. Мен оны білмеймін. 3-4 күннен кейін TikTok-ты ашып қалсам, мен тұрмын ғой", - деді ол басылымға берген сұхбатында.
Басылым мәліметінше, 40 жылға жуық уақыт көлік жүргізушісі болған Жәнібек Қалдыбеков - балаларға ғана емес, айналасындағы әр адамға мейірімін аямайтын жан. 63 жастағы ақкөңіл азамат жұма күндері тегін қызмет көрсетіп, жақсылық жасауды да өмірінің бір бөлшегіне айналдырған.
Қазір Жәнібек Қалдыбеков Шымкенттегі мектептердің бірінде күзетші болып жұмыс істейді. Мектеп қызметкерлері оны ақыл-парасаты мол, адамгершілігі жоғары тұлға ретінде сипаттайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова