Оқушы темекі шексе, ата-анасы қанша теңге айыппұл төлейді?

Оқушы темекі шексе, ата-анасы қанша теңге айыппұл төлейді?
Фото: depositphotos.com

Темекі шеккен павлодарлық баланың ата-анасы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Ақсу қаласындағы мектептердің бірінде болған. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мектептен полицияға 14 жастағы оқушы дәретханада темекі шеккені туралы ақпарат түскен.

Учаскелік инспектор оқушы мектеп аумағында темекі өнімін пайдаланғанын анықтаған.

"Заңды өкілі мектепке шақыртылып, ата-анасына әкімшілік құқықбұзушылық үшін 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар оқушыға құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылы 15 АЕК - 58 980 теңге.

Полиция департаментінің өкілдері азаматтарға кез келген құқықбұзушылыққа куә болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласу керек екенін ескертті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget