- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушы өлімі: Жамбыл...
Оқушы өлімі: Жамбыл облысында мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектеп басшылығы қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
8-сыныптың оқушысы мектеп дәретханасынан өлі табылған. Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып, жан тапсырғанын анықтаған. Алайда қылмыс болған күні мектеп директоры "Оқушының жүрек талмасы ұстап қалды" деп жалған мәлімет берген.
14 жасында мерт болған баланың ғы ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, қайғылы оқиға 30 сәуірде Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің дәретханасында болды. 9-сыныптың оқушысы өзінен бір сынып төмен оқитын жеткіншектің кеуде тұсынан ұрған. Қазір 15 жастағы күдікті қамауда отыр.
"Өкінішке қарай, мектеп басшылығының тарапынан дер кезінде шара қабылдамауынан жеткіншек мерт болды. Директорға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабымен "Қылмысты жасырып қалу" фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға көмекшісі Шавхат Таштеміров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан