"Оқушы мүшеқапты білуі керек": Блогер жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынды

"Оқушы мүшеқапты білуі керек": Блогер жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынды
Фото: instagram.com/nagimuwaa

Блогер Нағима Настевич (Nagimuwa) мектептерде жыныстық сауат туралы пәнді енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер Dope soz подкастында айтқан болатын. Ол жыныстық сауат мектеп оқушысына түсіндірілуі керек дейді. 

"Менің туып-өскен жерім – Өскемен. Шыны керек, орысқолды қазақтар көп тұратын жер ғой. Біз мектепте оқып жүргенде мүшеқаптың не екенін, етеккір қалай келетінін үйретті. Көбіне қыздарды жинап алып айтатын. Ұлдар ол жиналысқа қатыспайтын. Қазір бұл дұрыс емес екен. Қыздар білетін дүниені ұлдар да білуі керек.

Мектепте ашық сабақ өтіп, ашып бәрін көрсеткен. Анам да менімен ашық сөйлесіп, білгенін айтып отыратын. Екеуміз "бала қалай пайда болады", "Етеккір келгенде денедегі ағза қалай өзгереді", "Мүшеқапты қай кезде қолданады" деген тақырыпта көп әңгімелесетінбіз. Кішкентай күнімнен ұят болады деген дүниелерді біліп өстім. Одан жаман болған жоқпыз. Мектепте де ашық айтылуы керек", – дейді Нағима. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz