- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушы мектепке бармаса,...
Оқушы мектепке бармаса, ата-ана айыппұл төлейді
Фото:
vk.com
Маңғыстау облысында тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы балаларының себептен-себепсіз сабаққа бармағаны үшін айыппұл төлейді.
"Сот отырысында Б-ның баласы, кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы К. 2015 жылдың 9 қырқүйегінен 22 қырқүйек аралығында сабаққа себепсіз бармағаны анықталды. Мұнайлы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен ("Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы") кәмелетке толмаған К-нің әкесі Б-ны кінәлі деп танып, Б-ға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13 874 теңге айыппұл жазасын тағайындады", деп жазылған хабарламада. Қаулы заңды күшіне енді.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін