Оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: бопсалау дерегі бойынша жас жігіт сотталды

Қызылордада жыныстық құлдыққа тап болған кәмелетке толмаған қыздың ісі бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс жабық қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотталушы жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын деп кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сонымен қатар оның сөмкесін алып, ішінде тұрған 35 000 теңге ақшаны қорқытып алған.

Сот үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

"ҚК-тің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген. Іс бойынша қылмыстық жауапты ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жас екені ескерілді (21 жас)", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Яғни ең жоғары жаза 7 жылдың 2/3-нен аспауы тиіс. Осының негізінде, сот сотталушы Т-ға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!