- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушы кезінде майданға...
Оқушы кезінде майданға аттанған. 102 жастағы Халық қаһарманы Семейде тұрады
102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбіғали Қаймолдин Семей қаласында тұрады. Халық қаһарманы атанған батыр сұрапыл соғысты жиі еске алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Ғасыр жасаған ақсақал бүгінде үлкен әулеттің биік шыңына айналып отыр. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы мектеп оқушысы бола тұра майданға аттанған. Бұл жылдары, әсіресе, Сталинград түбіндегі шайқас - соғыстың бетбұрыс кезеңі болғаны тарихтан мәлім. Сол шақтағы Әбдіғали батыр кеудесін оққа тосып ауыр жарақат алса да, жеңіс туының желбіреуіне атсалысты.
Ерлігі мен батылдығы үшін ол қан майданнан бірнеше орден, медальмен оралған.
"Халқыңды сүй, халқыңды сүйсең халық сені сүйеді. Бауыржан Момышұлы қандай болды. Сол сияқты адал, Отаныңа адал бол. Отан деген сөз - "әке" деген сөз", - дейді ардагер.
Қазір Әбдіғали Қаймолдин - үлкен шаңырақтрың асқар тауы. Оның 9 немере, 4 шөбересі бар. Ерлік пен өрліктің, батылдық пен батырлықтың эталонына айналған атаның жолы - бүгінде көпке үлгі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова