Оқулықтардан 700-ден аса қате анықталған: бас педагог Сүлейменова маңызды жаңалықты айтты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқулықтарын жаңарту мәселесі бойынша жетекші баспалардың басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, кездесу барысында мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту, оқу әдебиетінің сапасын арттыру, Оқу-ағарту министрлігі, сарапшылар қауымдастығы және баспалар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланған.

Оқулықтар мазмұнын өзектендіруге, олардың мемлекеттік білім беру стандарттарына және заманауи білім беру тәсілдеріне сәйкестігіне ерекше назар аударылған.

Жұлдыз Сүлейменова баспа басшыларына мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жөніндегі міндеттерді жеткізіп, жаңартылған басылымдарды дайындау және шығару мерзімін қатаң сақтау қажет екенін айтқан.

Министр премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева бұған дейін жариялаған қолданыстағы мектеп оқулықтарын талдау нәтижелеріне назар аударған. Осы талдау бойынша әртүрлі сипаттағы 700-ден аса қате анықталған.

Жұлдыз Сүлейменова Аида Балаева бұған дейін жариялаған білім беру ұйымдарын жаңартылған оқулықтармен қамтамасыз ету кестесіне назар аударған.

"3 және 7-сыныптарға арналған жаңартылған оқулықтар 30 тамызға дейін, 4 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін, 8-сыныптарға арналған оқулықтар 2027 жылғы 1 сәуірге дейін жеткізілуге тиіс", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!