- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқулықтағы қате: Білім...
Оқулықтағы қате: Білім басқармасы өкілдері пікір білдірді
Білім басқармасы өкілдері Петропавлдағы №4 мектептің математика оқулығындағы қатеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.
"Мектеп" баспасынан шыққан математика оқулығында мынадай есеп бар:
"Жер экваторының ұзындығы шамамен 400 003 км, ал диаметрі - экватор ұзындығының 32 пайызы. Жердің диаметрі қандай?" - делінген есепте.
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы өкілдері оқулықта қате бар екенін мойындады, бірақ мұндай тапсырмалардың негізгі мақсаты мектеп оқушыларын санның пайызын есептеуге үйрету екенін хабарлады.
"Расында да, бұл қате оқулықты басып шығару кезінде кеткен. Қазір оқулықты қысқа мерзімде қайта басып шығару мүмкін болмағандықтан, бұл мәлімет 5-сыныптың математика пәні мұғалімдерінің назарына ұсынылып, бұл тапсырманы қарастыру барысында мұғалім экватордың ұзындығы 40075 км екенін түсіндіреді. Тапсырманың негізгі мақсаты - санның пайызын есептей білуді қалыптастыру", - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы өкілі.
Басқа елдерде мектеп оқулықтары тестілеу топтарында барлық кемшілік, әріп пен өрескел қате тез анықталу үшін арнайы шағын тиражбен шығарылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек