Жақында білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланған болатын. Биыл су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы түлектерге басымдық берілді. Кейін грантты тағайындауға қатысты дау пайда болды. Желіде жоғары балл алған түлектер грантқа түсе алмағанын айтып түрлі видеолар жүктеген еді. Осы орайда Massaget.kz тілшісі оқу жеңілдіктерінің топтамасын ұсынады.
Бұған дейін грант жеңіп ала алмаған талапкерлерге грант алудың басқа балама жолдарына ұсынған министр Саясат Нұрбек 9 түрлі ықтимал тәсілді атаған еді:
Биыл әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады.
"Қазақстан халқына" қоры есебінен тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жетімдерге грант бөлінеді. Өтініш берушілерді таңдау критерийі қандай? Білім грантының ерекшелігі туралы мына материалда.
Қазақстанда 732,1 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Еліміздегі мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында қайтарымсыз гранттар беріледі. Грант мөлшері қандай? Оны кімдер ала алады? Грант алу үшін өтінішті қайда тапсыру керек? Толығырақ мына материалда.
Профориентолог мамандар талапкерлерге грантқа оқуға түсу үшін алдын ала дайындалуға кеңес береді. Нұржамал Имамқұлқызы Қазақстанда грант жеңіп алмаған талапкер 1 айдың ішінде шетелдік оқу орындарына түсіп кете алмайды. түрде
"Талапкер Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына грант жеңбеген болса, шетелдің жоғары оқу орындарына 1 ай ішінде оқуға түсіп кете алмайды. Себебі шетелдің сапалы білім беретін университеттеріне түсу үшін 1 жыл алдын құжаттарды өткізіп бастайды", - дейді ол.
Маман жоғарғы оқу орнын таңдау кезде неге назар аудару керегін айтты.
"Жоғарғы оқу орнын таңдаған кезде, университеттің ғимаратына, яғни базалық құрылымына мән беру қажет. Ғимаратта студент үшін жағдай жасалынғандығына, кітапхана қорына, қандай үйірмелер бар, оқытушылар құрамында қандай білікті мамандар бар, осылардың барлығын ескеру керек", - деді ол.
Мамандық таңдау бойынша жұмыс қашан басталуы керек?
"Қазір мамандық таңдау бойынша жұмыстар даярлық сыныптан басталады. 5-11 сыныптар арасында мектептің бейіндік істер жөніндегі орынбасары және кәсіби бағыт бағдар беруші мамандары арнайы тесттер мен сауалнамалар алады. Заман дамып жатыр, түрлі ақылы сауалнамалардың түрі бар, егер оқушы сауалнамаға нақты жауап берсе оқушының бойындағы қабілеті мен мамандықтар тізімі шығады. Мамандық таңдауда оқушы өз бойындағы қабілетіне қарағаны дұрыс. Қазақстан бойынша 61 пайыз ЖОО бітірген студент диплом бойынша жұмыс істемейді, себебі грант үшін, ата-анасының арманын орындау үшін немесе достарының қалауымен мамандық таңдайтын талапкер көп", - деді ол.
Профориентолог биыл талапкерлер қай оқу орнына басымдық бергенін айтты:
Маман шетелде оқимын деп талпынған талапкерлерге шетелдік оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарында оқуға немесе қос диплом бағдарламасы бойынша білім алуға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін келер жылдары қай мамандықтар сұранысқа ие болатыны туралы хабарлаған едік. Мамандардың айтуынша, қазір елімізде есепші, автобус жүргізушісі және ЖИ маманы тапшы. Толық тізім мына материалда.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!