- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқу жылы кезінде...
Оқу жылы кезінде баланың көру қабілетін қалай сақтауға болады?
Оқушылар көру қабілетін сақтау үшін үнемі серуендеп, күн тәртібіне мән беруі керек. Бұл туралы офтальмолог, м.ғ.д. Сергей Хомяков айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Басылым мәліметінше, оқу жылы кезінде мектеп жасындағы балалардың көру қабілеті нашарлайды. Маман бұл жағдайды болдырмау үшін бала үзіліс кезінде белсенді ойындарға қатысуы керегін айтты. Бұл қатарда үстел теннисі бар.
Сондай-ақ, дәрігердің сөзінше, гаджеттерді қолдануды шектеген абзал. Сабақ арасындағы үзілістерде оларды қолданбаған дұрыс.
Хомяков балалар мектептен тыс уақытта күніне кемінде екі сағат табиғи жарықта серуендеп, көзге гимнастика жасауы керегін жеткізді.
"Көзге арналған гимнастиканың тиімділігі әлі ғылыми дәлелденбеген. Алайда көру қабілетіне түсетін салмақты азайту, жақыннан қарауды алысқа ауыстыру және табиғи жарықта күрделі формаларды қарау көзге пайдалы әрі тиімді болады", - дейді ол.
Маман көру қабілетін сақтау әдістерінің ішінде қандай да бірнәрсе оқығанда, берілетін кеңестерді орындау барын айтты. Физиологиялық тұрғыдан дұрысы Хармон қашығы саналады, онда көз бен оқитын затқа дейінгі аралық шынтақтан сұқ саусақтың ұшына дейінгі ұзындыққа тең болуы қажет.
"Орташа алғанда, бұл - балалар үшін 30-35 сантиметрге тең, ересектерге 40-45 сантиметр болады. Кітаптың немесе гаджеттің орналасуы көз сызығына перпендикуляр болуы керек", - дейді ол.
Дәрігер күн тәртібін сақтау көз саулығы үшін маңызды екенін еске салды. Адам кем дегенде жеті-сегіз сағат ұйықтауы керек, сонымен қатар, кешкі 10-нан кешікпей, демалғаны дұрыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова