Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жұмыс "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамымен бірлесе жүргізіледі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс өңірлері тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды.
Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды. Теміржол және су көлігі комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұрайды.
Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.
Студенттердің өтініштеріне сәйкес, Көлік министрлігі қосымша вагондар қоюға дайын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!