- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқу жылы қарсаңында...
Оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады
Жаңа оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жұмыс "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамымен бірлесе жүргізіледі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Батыс өңірлері тұрғындарының сұранысына сәйкес қосымша маршруттарды іске қосу туралы шешім қабылданды. Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды.
Кондиционерлері қарастырылған жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды. Теміржол және су көлігі комитеті жас жолаушылардан қолайсыздықтар үшін алдын-ала кешірім сұрайды.
- Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді.
- Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған. Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16,18,20,22 тамызда қатынайды.
Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.
Студенттердің өтініштеріне сәйкес, Көлік министрлігі қосымша вагондар қоюға дайын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан