Оқу жылы басталмас бұрын баланың рационын қалай реттеу керек? Дәрігер кеңесі

Оқу жылы басталмас бұрын баланың рационын қалай реттеу керек? Дәрігер кеңесі
Фото: depositphotos.com

Терапевт және гастроэнтеролог Дарья Утюмова "Известия"-ға оқу жылы басталмас бұрын баланың рационын қалай реттеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер күнде әртүрлі өнімдер жеуге кеңес берді: төрт-алты порция тұтас дәнді дақылдар (бір порция шамамен бір уыс), бес көкөніс пен жеміс, бір-екі порция балық, ет, жаңғақтар секілді ақуызды өнімдер және бұршақтылар (80-100 г) және бір-екі кесе сүтті өнімдер (ауыз су) немесе 100 г сүзбе. Тамаққа тұздық ретінде өсімдік майын қолдану ұсынылады.

Дәрігер пайдалы өнімдер ағазаның оқу жылына бейімделу процесіне жағымды әсер ету үшін бала жүйелі түрде - күніне 3-4 рет тамақтану керегін ескертті.

Қоректік заттардың тепе-теңдігін сақтау үшін диаметрі 22-23 см болатын тәрелкені елестетіп, оны төрт бөлікке бөліңіз. Төрттен екі бөлігін көкөністер, шөптер, жемістер мен жидектер, төрттен бірін ақуыздар алуы керек. Қалған төрттен бір бөлігін көмірсулар алады: мысалы, жармалар, макарондар. Бұл тәсіл ересектер үшін де қолданылуы керек: ол сізге барлық қажетті қоректік заттарды алуға мүмкіндік береді.

"Ата-аналар баланың артық тамақтанбауын және зиянды тағамдарды пайдаланбауын қадағалау керек. Сонымен қатар, бала тамақтану, оқу немесе теледидар көру кезінде гаджеттерді пайдаланбауы керек. Сондай-ақ таңғы асты оянғаннан кейін 1-1,5 сағат ішінде, ал кешкі асты ұйықтауға үш-төрт сағат қалғанда ішу керек. Оқу жылы басталмас бұрын баланы ештеңе мазаламаса да, дәрігерге қаралған дұрыс. Оған қоса, оқу жылы басталмай тұрып, ұйықтау және ояну режимін ретке келтіре беріңіз. Сонымен бірге бос уақытты баламен бірге таза ауада өткізуге, физикалық белсенді болуға тырысу керек", - деп қорытындылады дәрігер.

Оқи отырыңыз: Бірінші сынып оқушысы тап болатын 5 жағдай

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова