Алматыда мыңдаған студентке жатақханаларда орын жетпейді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеунік Алматыдан басқа барлық өңірде жатақхана мәселесі шешілгеніне сендірді.
"Басты назарымыз Алматыда. Әлі де 10 мыңға жуық төсек-орын тапшылығы бар. Сондықтан бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Десе де орын тапшылығы айтарлықтай көп емес. Өйткені үш жыл бұрын 87 мыңға жуық орын жетпеді, қазір 10 мыңға дейін қысқарды", - деді министр Үкіметтегі брифингте.
Айта кетейік, министрлік Алматыда студенттерді жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету мақсатында ахуал орталығы жұмыс істейтінін хабарлады.
Орталықтың байланыс нөмірлері:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз