- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқу-ағарту министрінің атынан...
Оқу-ағарту министрінің атынан жалған хабарлама тарап жатыр
WhatsApp және Telegram қосымшаларында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан хабарламалар таратылып жатыр. Шын мәнінде, бұл - жалған аккаунттар, олармен байланыс орнатып, ұсынылған сілтемелер бойынша өтпеңіздер,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Оқу-ағарту министрінің баспасөз қызметі өкілдері бұл хабарламаларға қатысты пікір білдірді.
"Кейінгі күндері WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде оқу-ағарту министрінің атынан түрлі хабарламалар таратылып жатыр. Бұл - жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр. Өкінішке қарай, алаяқтық схемалар жетіліп жатыр және онымен әр адам бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан сақтық танытып, жеке хат жазысу мен телефон қоңырауларын қабылдауда қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз. Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз", – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек