Оқу-ағарту министрлігі балаларға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сіздерге үйге кіреберісте, подъезде сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын ұсынамыз. Әрқашан сақ жүріңіздер, күдікті әрекеттер байқасаңыздар, дереу ересектерге ескертіңіздер! Естеріңізде болсын, сіздер әрқашан 102 немесе 111 шұғыл көмек нөміріне хабарласа аласыздар", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда балаларға судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша белсенді түрде нұсқау берілетіні белгілі болды.
Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ведомство басшысы Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министірлігі балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылдағанын айтты.
Мемлекеттік жалпы білім берудің міндетті стандарттары аясында балабақшаларда ойын, практикалық сабақтар өткізу, анимациялық роликтер көрсету арқылы судағы қауіпсіздік сабақтары өтті.
Мектептерде 4 пән бойынша жалпы 38 сабақ қауіпсіздік тақырыбына арналған. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 2 327 тиісті сынып сағаты ұйымдастырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!