Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев № 8 мектеп-лицейдегі салтанатты жиынға қатысты. Журналистерге берген сұхбатында шенеунік мектепте қалай оқығанын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, ата-анасын қуанту үшін әрқашан жақсы оқуға тырысқан.
"Ата-анам, әсіресе анам, бағамды үнемі қадағалап отырды. Бес алған сайын анам дәмді тағамдар, тоқаштар пісіретін", - деді Бейсембаев.
Шенеунік мектепте тек төрт пен беске оқығанын жеткізді. Бірақ бір рет екілік алып қалған екен.
"11-сыныпта Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша бір екілігім болды. Формам болмауына байланысты қойылды", - деді Бейсембаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!