Танымал әнші, сазгер Өктем Алтаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында есімінің құпиясын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Октябрь деген есім спортшының құрметіне қойылған.
"Шын есімім - Октябрь. Әкем "Қазығұрт тынысы" газетінде жауапты хатшы болып жұмыс істеген. Редакция алқалары жиналып, есімімді Октябрь деп қойған. Бұл Октябрь айына ешқандай қатысы жоқ. Қазақ волейболының атасы, 1960 жылдары Советтер одағының 24 үздік спортшысының қатарына енген Октябрь Жарылғапов деген кісі болған. Сол кісінің есіміне (құрметіне - еск.) менің есімімді Октябрь деп қойған. 37 жасында ерте қайтыс болады. Көп халық біле бермейді, сәл жұмбақтау болып жатыр", - дейді әнші.
Ал Өктем деп бала кезінде әжесі атапты.
"Әжем Октябрь дегенге тілі келмей, Өктем деп атаған. Көбі "қазақтың есімі емес" деп айтады. Қазақстанда менің есіміммен сегізінші адам бар. Өктем Алланың 99 атының ішінде 16-реттік нөмірде тұрған Алла Тағаланың есімі екен", - дейді ол.
Сонымен қатар, өнер иесі Алтаевтардан бөлек шығып, жеке шығармашылықпен айналысу мақсатында Өктем деген есімді алыпты.
"Октябрь деген атты Алтаевтардың ішіне қалдырдып, өзім Өктем Алтаев болып жеке шықтым", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!