Танымал әнші, композитор Өктем Алтаев Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында "Қу, арақ!" әнінің шығу тарихын айтып берді.
Өнер иесінің айтуынша, туындының шын атауы - "Арақ бетің құрысын". Әннің мәтінін 1964 жылы әкесі жазған.
"Ол әннің мәтінін менің әкем 1964 жылы жазған, содан мен оған 1994 ән жазып, өңдеп жасап, жарыққа шығардым. Ән -
"Тым болмаса жақпай жұртқа бір ісім,
Міне, енді жексұрын боп жүрісім.
Таусылар ма айта берсең лаңың,
Мұндай болса арақ, бетің құрысын!" - деп аяқталады.Композитор, әнші, орындаушы ретінде мен бірінші кезекте мәтінге емес, әннің мәніне ден қоямын. Бірінші ән, сосын оған жақсы сөз таңдау. Неге? Өйткені ән сыртқы бейнені қалыптастырады, ал мәтін оның ішкі ағзасы. Ішкі ағза таза болмаса, әлсіз болатын болса, ол ән ұзаққа бармайды. Дегенмен де әнде бірінші көрінетін музыка. Музыкада тіл болмайды. Мысалы, шетелдік әндерді естігенде, бірінші естиміз, бірақ оның мәтінінде не туралы айтылып жатқанын білмейміз, бірақ әуені мен ырғағы жақсы болғандықтан, тыңдаймыз. Осыған байланысты өзім де бірінші әніне көңіл бөлемін, артынан мәтініне қараймын", - деп жауап берді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз