- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өкшенің жарылуына негізгі...
Өкшенің жарылуына негізгі бес себеп белгілі болды
Өкшенің жарылуына күтім жасамағанның қатысы жоқ. Бұл белгілі бір аурулардың пайда болуының белгісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
Ағзаға омега-3 майлы қышқылы мен дәрумен жетіспесе, онда теріңіз құрғап, өкше тілімденіп, жарылады. Сонымен қатартбауыр, қалқанша без, бүйрек жетімсіздігі, варикоз аурулары мазаласа да тері құрғайды.
Өкшенің жарылуына негізгі бес себепті атап өтейік.
1. Қышыма - аяғыңызды жарақаттап алғаннан, жағымсыз иістен пайда болады. Бұл кезде өкше қабыршықталып, жарыла бастайды. Бұдан құтылу үшін алдымен қышыманы емдеу керек. Ол үшін дәріханада сатылатын бактерияға қарсы сұйықтық немесе дәрілер алып, өкшеге жаққан абзал. Бір аптадан соң-ақ теріңіз тегістеліп, өкшеңіз әдемі болады.
2. Ағзадағы эндокриндік ауру кезінде де өкше жарылады. Мәселен, сіз қант диабетімен ауыратын болсаңыз, онда ағза сусызданып, салдарынан тері құрғап, өкше жарылғыш, тілімденіп шыға келеді. Сондықтан қант диабетімен ауыратындарға үзбей арнайы дәрі ішіп жүру керек.
3. Тазалықты дұрыс сақтамағаннан болады. Күнде бетіңізді, қолыңызды жуғандай, аяғыңызды да сабындап жуу керек. Шұлықты да жиі ауыстырып тұру маңызды.
4. Ағзада құрт болса да, өкше жарылады. Егер өкше құрттың кесірінен жарылып жүргенін білсеңіз, онда құртқа қарсы дәрілерді қабылдап, шайын ішкен жөн. Ең дұрысы, дәрігерге қаралып, арнайы сараптама жасатыңыз. Нақтылап алған соң тұрақты емін қабылдап, аз күнде оң нәтижесіне көз жеткізесіз.
5. Дәрумен мен минералды заттардың жетіспеушілігі де өкшенің тілімдеп жарылуына себеп болады. Яғни ағзаға А, В, С, Е дәрумендері мен микроэлементтер жетіспесе, өкше жарылып бастайды. Оның орнын толтыру үшін дәріханадан дәрумендер жиынтығын сатып алып ішкен жөн.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы