- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Оқшауланғым келді". Төреғали...
"Оқшауланғым келді". Төреғали Төреәлі неге біртүрлі болып жүргенін айтты
Фото:
kaz.zakon.kz
Төреғали Төреәлі соңғы уақытта неге жұмысқа құлшынысы азайып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бір апта көлемінде мазам болмады. Денсаулығыма көңіл бөліп, телефоныма қарамай, оқшауланғым келді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Танымал әнші соңғы кездері денсаулығына байланысты жұмысқа деген құлшынысы да азая түскенін жазған.
"Алланың берген әр күнінде хайыр мен игілік жатқанын түсіндім. Осы уақытқа дейін сырқаттанып қалсам, жұмысым тоқтамасын деп жүре беретінмін. Қарап тұрсам, одан жұмысыма деген құлшынысым азая түскен екен. Ал Алла қай уақытта саған не керек екенін жақсы біледі емес пе?", - деп жазды Төреғали Төреәлі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева