- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оксфорд университетінің ғалымдары...
Оксфорд университетінің ғалымдары балбал тастарды зерттеуде
Оксфорд университетінің ғалымдары Қазақстан аумағындағы ұлттық ескерткіштер жайлы кітап шығармақ. Олар өз жұмыстарын Ақмола облысындағы балбал тастарды зерттеуден бастады.
2 жылдан кейін бұл ескерткіштердің барлығы арнайы жинаққа енгізіледі. Шетелдік мамандар еліміздегі ескерткіштердің шығу тегін ғана емес, оларды ары қарай сақтап қалу тәсілдерін ойластырмақ. Енді осы жұмысқа халықаралық деңгейдегі зерттеу жұмысы атағын беру көзделіп отыр.
Оксфорд университетінің профессоры Трой Стэрнберг: — Біздің зерттеу тәсілдеріміз қазақстандық ғалымдардікінен ерекшеленеді. Біз осы ескерткіштердің қоршаған ортасын зерттейміз. Бұрында қазақ халқының өзендер бойындағы орналасу тәртібін білгіміз келеді. Оны болашақта алғашқы күйінде сақтап қалу тәсілдерін анықтаймыз.
Дереккөз: khabar.kz
Н. Нұрмаханұлы