Өкпе, реніш, қызғаныш онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы қазақстандық маман әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Видео TikTok-тағы Жанна Жәнібек парақшасында пайда болды.
"Ренжу, қызғаныш, көреалмау, жаман әңгіме, жаман ниет, өсек адамды түсіріп жібереді. Сол ойыңыз адамды түсіріп жібереді. Онкологиялық диагноздан қаншама нәтиже шығардық қой. Неліктен алдымен олардың өкпесімен жұмыс істейміз? Себебі адам ренжісе, біреуге өкпелесе, үнемі ойланып жүре беретін болса, адамның BH-ы төмен түсіп, салдарынан ауру пайда болады. Өз-өзін жеп, ағза тотығып кетеді.
Өкпе, реніш, қызғаныш адамды психэмоционалдық күйде тотықтырып жібереді. Ол адам жан-жағына ашу шашып, ешкімді жақтырмай тұрады, ешкімді оңдырмайды. Ол адам тек өзін құртады. Түбінде онкологиялық аурулар немесе басқа да нәрсеге алып келеді. Сол үшін ойға, сөзге, тілге, ниетке абай болыңыздар", - дейді маман.
Оның сөзінше, білікті онкологтардың өзі де осыны айтады.
"Бізді негатив ақпаратпен қоректендіріп жатыр. Біз оны жұтып жатырмыз. Одан құтылудың бір жолы - телефонда позитив нәрселерге тіркелу. Себебі сіз не іздесеңіз сол шыға береді. Сол үшін осы жерден абай болыңыздар", - дейді маман.
@zhanna_zhanibekk♬ оригинальный звук - Жанна♥️
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!