Актер Рамазан Амантай әкесімен қарым-қатынасы туралы "Динамен дұрыс" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әкесі екеуінің көзқарастары бір жерден шықпай қалатын кездер болады.
"Ол кісінің өз әлемі бар. Екеуміздің көзқарамыз бір жерден шықпай қалып жатады. Бұл кез келген мәселеде солай. Ренжітіп аламын ба деп қорқамын...Бәрін өз қалпында қабылдауға тырысып жүрмін. Бірақ болмай жатыр. Түсіне алмаймын. Өкпе-назым бар екенін жасырмаймын. Бірақ бұл әңгімемнің артын жабу деп қабылдамаңыздар. Менің әкем сияқты балаға көңіл бөлетін, перзентінің қасында бола алған еркектер аз шығар. Тек бір кездер болды, жігіт болып қалыптасып келе жатқанда мен ойлағандай кісіні көре алмай қалған болармын. Бәлкім, содан шығар...Бірақ әкеме ризамын. Біз ер жеткенше алақанына салып, өсірген адам", - деді актер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!