Астанада өткен брифингте тілшілер Бейбіт Атамқұловқа Наурыз мейрамын тоғыз күн тойлау туралы сұрақ қойды.
"Түркі халықтарына ортақ бұл мейрамды біз ғасырлар бойы тойлап келеміз. Мейрам күндері ресми түрде 3 күн демалуға рұқсат етілген. Дегенмен бізде мейрам күн жылына бастаған сәттен басталып, бір айға созылады. Бұл уақытқа біз көптеген шара ұйымдастырып қойдық. Халық бұл мейрамды бір ай бойы сезінеді", − деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Сөз соңында әкім тілшілерді аймаққа Наурызды тойлауға шақырды. "Келіңіздер, көріңіздер, жақсы көңіл-күй алып қайтыңыздар", − деді ол.
Дереккөз: tengrinews