ОҚО-да Иран тауар өндірушілерінің көрмесі өтті

Облыс басшысы Б.Атамқұлов инвестиция тарту мақсатында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мотжтаба Дамирчилмен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелері жəне Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқылады.

Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, иран компанияларын әріптестікке шақырды.

Мұнан соң, облыс əкімі мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.

Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Иран мен Қазақстанның арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн долларға жеткен.


Дереккөз: inform.kz