Оңтүстік Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындпа 7 айда 511 мыңнан астам азаматқа кеңес берген, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Осы уақыт ішінде халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру мақсатында облыстың 309 211 тұрғыны электрондық сандық қолтаңба алған. Олардың барлығы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдана алады.
Аудандардағы елді мекендерге шыққан мобильдік ХҚКО 1 мыңға жуық шығыс жасап, оның аясында 36324 мемлекеттік қызмет көрсетті. Ал 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 1926 мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Сондай-ақ, есту және сөйлеу қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алулары үшін әрбір бөлімде сурдоаударма инспекторлары жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметтерді үйінде 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек жандар да алатынын атап өткен жөн. Мұндай шығуларда Мемлекеттік корпорация -ХҚКО қызметкерлері құжаттарды қабылдау және беру, электрондық сандық қолтаңба жазуға, ал қажет болған жағдайда клиенттерге электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді.
Бүгінде сұранысқа ие электрондық анықтамалар - мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтама және зейнетақы аударымдары туралы анықтама, сондай-ақ ҚР азаматтарының жеке куәліктерін рәсімдеу үшін өтініштер болып отыр.
Дереккөз: inform.kz