Өкінішке орай, өкінішке қарай: қай нұсқа дұрыс?

Өкінішке қарай, өкінішке орай. Massaget.kz "Қай нұсқа дұрыс?" айдары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, PhD ғылым докторы Жанат Асылханқызынан дұрыс нұсқаны сұрады.

Неліктен қате?

Сарапшының пікірінше, бұл қыстырма сөздер аз талқыға түскен жоқ.

"Өкінішке орай" деуге болмайды" деп қанша ескерту айтылғанымен, көп жазарманның осы қатеден бас тартар түрі жоқ", - дейді маман.

PhD ғылым докторы бұл тіркес неге қате екенін де түсіндіріп берді.

"Орай" жақсы, жағымды мәні бар сөздерге жалғанып, айтылып-жазылуы керек. Дұрысы - "өкінішке қарай". Тіпті болмаса, "бір өкініштісі" деген нұсқаны пайдалансақ жөн болады", - деді Жанат Асылханқызы.

Бұған дейін қай сөздер туралы жазылды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!