“Өкінемін“. Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

“Өкінемін“. Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
Фото: Видео кадры

Қостанайда полицейді соққыға жыққандардың кешірім сұраған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облыстық Полиция департаменті күдіктілер ұсталған сәттің видеосын жариялады. Олар тек зардап шеккен полицейден емес, оның әріптестерінен де кешірім сұраған.

"Барлық полиция қызметкерінен кешірім сұраймын, өкінемін, мені кешіріңіздер. Мұндай әрекетке енді ешқашан бармаймын. Кінәмді мойындаймын", - деді видеодағылар.

Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)

"Полиция қызметкеріне шабуыл жасау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 380-бабы 6-бөлігі 4-тармағы бойынша сараланды. Қостанай облыстық соты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді өңірлік прокуратура өкілі.

Бұған дейін Tobolinfo.kz журналистері зардап шеккен полицеймен тілдескен болатын. Ол Қостанай қалалық полиция басқармасында жұмыс істейтін Руслан Қазиев болып шықты. Полицей сол күні 5 және 7 жасар балаларымен жүрген кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған үш адамды байқаған. Ескерту жасағанда, үш адам оған тап берген.

Салдарынан полицей жарақаттар алды. Алғашында ол ауруханаға жатудан бас тартқан, алайда кейінірек жағдайы нашарлап, қазір стационарлық ем қабылдап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget