- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқиғаға дейін әкесін...
Оқиғаға дейін әкесін де өлтірген деген күдік бар: Прагада студент 14 адамды атып тастады
Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болды. Салдарынан 14 адам оққа ұшып, 25 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл деректерді Чехия полициясы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Шабуылдаушы оны ұстау операциясы кезінде қайтыс болды. Оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып өлтірді ме, әлде өз-өзіне қол жұмсады ма, бұл жағы белгісіз. Желіде атыс куәгері оқиғаны түсірген видео пайда болды.
Чех бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, атысты өнер факультетінің студенті Дэвид Козак ұйымдастырған. Ол 24 жаста еді. Шабуылдаушы алдымен ғимаратқа, содан кейін басқа студенттер жасырынуға тырысқан шатырға оқ жаудырған.
Полиция дерегінше, университеттегі оқиғадан бірнеше сағат бұрын студент әкесін өлтірді деген күдік бар. Мергеннің пәтерін тінту кезінде ол заңды түрде иелік еткен бірнеше қару табылды.
Сондай-ақ, Чехия полициясы Козактың Праганың шетіндегі Кленовск орманындағы әлі ашылмаған кісі өліміне қатысы бар-жоғын тексереді. Бұл жерде 15 желтоқсанда біреу 32 жастағы ер адам мен оның екі айлық қызын атып өлтірді.
Еске салайық, бұған дейін де Прага орталығындағы университетте атыс болғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова