Әлеуметтік желіде Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатынан тағы бір видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға кеше сағат 18.15-те болған еді. Алматы полиция департаменті мәліметінше, №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарынан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.
Kris_p_almaty Telegram-арнасында тараған видеода ер адам жүргізушімен сөйлесіп тұрып, кейін екі рет ұрып жібергені көрінеді. Осы сәтте басқа жолаушы оларға ара түспек болады. Кейін көлік соқтығысқан сәт те видеоға түсіп қалған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғадан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды. Жол апаты қалай болғаны бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!