Оқ атқан: Өскеменде полицейге шабуыл жасады деген екі күдікті ұсталды

Оқ атқан: Өскеменде полицейге шабуыл жасады деген екі күдікті ұсталды
Фото: gov.kz

Өскеменде полицейге шабуыл жасады деген күдікке ілінгендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 наурызда Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде патрульдік полиция қызметкеріне көмек сұрап жасөспірім жүгінген. Оның айтуынша, екі бейтаныс жігіт өзін агрессив ұстаған.

ШҚО ПД мәліметінше, оқиға орнына барған полицейге жігіттер бағынбаған. Қолда бар дерекке сәйкес, мас күйдегі екі тұрғын полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, оған шабуыл жасаған.

"Оқиғадан кейін шабуыл жасағандар қашып кеткен, алайда көп ұзамай олардың жеке басы анықталып, ұсталды. Олардан қару тәркіленді. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді ШҚО ПД өкілдері.

БАҚ мәліметінше, оқиға салдарынан полиция қызметкері жарақат алған. Қазір ол медициналық мекемеде жатыр, жағдайы тұрақты деп бағаланып жатыр. Шабуыл жасағандар офицердің қызметтік қаруын иемденіп кеткен.

Қала полиция басқармасы қызметтік міндетін атқару кезінде билік өкіліне адамдар тобы тарапынан өмірге қауіпті күш қолдану дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget