"Охотзоопром" қызметкерлеріне күш қолданғандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының аумағында криминалдық полиция Қызылжар кентінің төрт тұрғынын ұстады. Күдіктілер "Охотзоопром" РКМК қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға қарсылық танытып, күшін қолданып, оқиға орынынан қашып кеткен.
"Қызметшілерге күш қолданды деген күдіктілердің төртеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға күш қолданғаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жауапкершілік көзделген",- деді Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!