- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өгей қызын үлкен...
Өгей қызын үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өлтірген әйел сот алдында жауап беріп жатыр
Алматыда жеті жасар өгей қызын асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел сот алдында жауап бере бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жеткіншекті жүйелі түрде сабап келген. Ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін басын қабырғаға ұрған, кейін бала талып қалған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды.
Қыздың өгей шешесі кезінде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген. Сотқа оның бір емес, екі қорғаушысымен қатысты.
"Менің талабым - ол әйелді өмір бойына бас бостандығынан айыру. Өйткені немеремді төрт ай бойы ұрып, ақыры өлтіріп тастады. Негізі әкесі де Каринаны ұрған. Бірақ ол жазадан құтылып кетті. Әкесін де қамауға алу керек", - деді марқұмның әжесі Елена Закураева.
Айта кетейік, туған шешесі 10 айлығында қашып кеткен кішкентай Каринаны 7 жасына дейін негізі әжесі бағып-қаққан. Алайда биыл көктемде әкесі Бәкен Закураев инспекторлармен келіп қызды алып кеткен. Сөйтіп өзінен 14 жас үлкен азаматтық некедегі әйелі Балжан Тұрлыбекованың үйіне апарады. Сол уақытта екеуі бірге жарты жыл ғана тұрыпты. Карина жат жерде төрт ай бойы өгей шешесінен де, туған әкесінен де әбден таяқ жеген дейді жақындары. Белбеумен сабағанын көршілері де көріпті. Айтуларынша, ақыр соңында, 10 шілдеде жеткіншек үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін өгей шешесі басын қабырғаға ұрады. Қатты соққыдан миына қан құйылып, Карина бірден көз жұмған.
Өгей қызын өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекова 20 жыл немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал әйелінің қатігез екенін біле тұра, араша түспеген әкесі жазаға тартылады ма, жоқ па, әзірше белгісіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан