- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өгей әкемді қабылдай...
"Өгей әкемді қабылдай алмадым". Танымал актер отбасы туралы ашық айтты
Танымал актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов Urpaq подкасында отбасы туралы ағынан жарылып, әкесінен айырылғаннан кейінгі өміріндегі қиын кезең туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, әкесінен үш жасында айырылған. Кейін анасы бірнеше жыл өткен соң тұрмысқа шыққан.
"Қарындасым бар дедім ғой. Мамам тағы тұрмысқа шықты, қарындасым дүниеге келді. Ол кісімен де (өгей әкесімен - еск.) жақын болмадым. Өгей әкем ғой. Қабылдай алмадым ба?! Ондамын. Басында бір қызғаныш болды. Өгей әкем қатал болды. Мейірім көрсеткен шығар, көрсете алмады ма, мен сезінбедім бе, әйтеуір тіл табыса алмадық. Сол бойы тіл табыспай кеттік. Ол кісі де марқұм қайтып кетті бірнеше жыл бұрын. Сөйлесе алмадық, сөйлеспейтінбіз де. Шай ішіп отырамыз, мен үндемеймін, отырамын. Бірге отыратын болсақ, үндемей отырамын. Ашық сөйлесетін сәттер болған жоқ", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін актер Бауыржан Сатов әкесінен қалай айырылып қалғанын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова