Ресейдің Калининград облысында өгей әке 7 жасар ұлын анасының көзінше ұрып өлтірген. Оқиғадан кейін ата-анасы мәйітті жасырып, полицияға баланы жоғалып кетті деп шағымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Shot телеграм-арнасына сілтеме жасап.
SHOT дереккөзінің мәліметінше, оқиға 2 ақпан күні Черняховск қаласында болған. 7 жасар Данилдың анасы мен өгей әкесі полицияға жүгініп, балаларын ұрсып, балалар үйіне жібереміз деп қорқытқанын, содан кейін оның үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.
"Баланы бір тәуліктен астам уақыт бойы бүкіл қала бойынша полицейлер мен еріктілер іздестірген. Іздеуге Данилдың ата-анасы да белсенді қатысқан кейіп танытты. Алайда кейінгі тергеулердің бірінде анасы шыдамай, шындықты мойындап, баланы өгей әкесі өлтіргенін айтқан. Ер адам әйелін де, оның баласын да жиі ұратыны айтылды. Бұл жолы ол соққылардың күшін шектен асырып, 7 жасар баланы өлтірген", - деп жазды дереккөз.
Ер адам бірден ұсталып, тергеу барысында кінәсін мойындап, баланың денесін қайда жасырғанын көрсетті. Баланың мәйіті үй маңындағы су қоймасынан табылды. Оны кірпіштер салынған қоқыс пакетінен шығарған.
Қазіргі уақытта жергілікті тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалып, күдікті мен баланың анасы тергеуге алынғанын айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин