Оғаш іс-қылығы үшін жұмыстан шығарылғандар дипломатиялық қызметке қайта орала алады. Мәжіліс дипломатиялық қызмет мәселелері туралы заң қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттар заңға оғаш іс-қылығы үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың дипломатиялық қызметке қайта оралуына тыйым салуды жоятын түзетулер енгізді.
Сонымен қатар, дипломатиялық қызметкерлер елге оралған соң жұмысқа тұруға міндеттеледі.
Түзетулер аясында депутаттар дипломатиялық қызметте жұмыс істейтін және халықаралық ұйымдарда мансабын аяқтаған қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар әзірледі.
"Халықаралық ұйымдағы жұмысы аяқталған соң, халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей дипломатиялық қызметте болған дипломатиялық қызметкер халықаралық ұйымда қызметінен босатылған күннен бастап үш ай ішінде конкурстық іріктеу өткізілмей, Сыртқы істер министрлігінде атқарған қызметінен төмен емес лауазымға тағайындалады. Бұл ереже халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей саяси лауазым атқарған адамдарға қолданылмайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!