Танымал режиссер Ермек Тұрсынов бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Мүмкін емес" Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Арыстанбек байғұс қой. Оған жаным ашиды. Арыстанбек мәдениет және спорт министрі ретінде біршама жақсы іс істеді. Екеуміздің арамыз жақын болмағанымен, достық қарым-қатынас болды. Қалжыңдап та әңгімелесетінбіз, кейде салиқалы әңгіме айтатынбыз, әрине бірақ бірге ішімдік ішпедік", - дейді ол.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрлеріне баға берді.
"Тек Дүйсен Қасейіновті айтар едім. Ол - нағыз ақсүйек. Ал Ақтоты Райымқұлова сұмдық қой. Мұндай адамды министрлікке жақындатпау керек", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!