"Оған не болған?": Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың әлеуметтік желідегі әдепсіз сөздері халықты таңғалдырды

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Facebook парақшасында оқырмандарға әдепсіз сөздер айтып, ашуына тигені желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экс-әкімнің мұндай әрекетіне нақты не себеп болғаны белгісіз. Оқырмандар өз нұсқаларымен бөлісіп жазды.  "Ол не айтып жатыр?", "Парақшасын бұзып алған дейді", "міне, менің ойымша, Ғабаныкі дұрыс. Ол бәріне ұнайтын 100 доллар емес", "мұндай адамды қалай әкім қылған?", деп жазды олар.

 

2019 жылы жазда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Лондоннан қазақ халқына сәлемін жеткізіп, табысты жұмыс істеп, Қазақстанда қалуға тілектестігін білдірген видеосын жариялаған болатын. Оның бейне үндеуінен туындаған резонанстан кейін ол қала басшысы қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз