Офицердің өлімі: Қазақстанның құрлық әскерлері түсінік берді

Офицердің өлімі: Қазақстанның құрлық әскерлері түсінік берді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Жетісу облысындағы әскери бөлімдердің біріндегі офицердің қазасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша 2024 жылғы 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоспардан тыс оқу-жаттығу кезінде Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан жарақат алған.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін басқа да мәліметтер жарияланбайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан