- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Одесса облысындағы демалыс...
Одесса облысындағы демалыс орнына зымыран соққысы жасалды
Ресей Украинаның Одесса облысындағы тұрғын үй мен демалыс орнына зымыран соққысын жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz Украина Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметіне сілтеме жасап.
Соққы салдарынан тоғыз қабатты тұрғын үйде 16 адам қаза тауып, 36 адам зардап шеккен (оның ішінде үшеуі - бала). Ал 08:15-тегі жағдай бойынша тоғыз қабатты тұрғын үйдің үйінділерін тексеру кезінде тағы 2 адамның денесі табылған.
Сондай-ақ, сағат 01.00 шамасында Белгород-Днестров ауданының Сергеевка кентіне зымыран соққысы тиген. Салдарынан демалыс базасының үш қабатты және төрт қабатты ғимараттары қираған. Осылайша, 2 адам (оның ішінде 1 бала) қаза тауып, 1 адам зардап шеккен.
Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Белгород - Днестр ауданының Сергеевка кентіне жасалған зымыран соққысы салдарынан жалпы саны 18 адам қаза тапқан, 38 адам зардап шекті. Соның ішінде 37 адам тұрғын үйге жасалған соққыдан, оның ішінде алтауы бала, ал 1 адам демалыс базасына жасалған соққыдан зардап шеккен. Олар ауруханаға жатқызылған. 8 адам құтқарылған, оның ішінде 3 бала бар.
Ретке келтіру жұмысына барлығы 75 адам және 19 техника тартылған, оның ішінде ТЖМ-дан 67 адам және 11 техника жұмылдырылған. Ведомство мәліметінше, жұмыстар жалғасып жатыр.
Ж. Қадыржанова