Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Тоқаев сонымен бірге "2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы "Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңға да қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!