- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Облыстық білім басқармасы...
Облыстық білім басқармасы даулы мәлімдеме жасаған жас маманға қатысты пікір білдірді
Оқу-ағарту министрлігі өкілдері даулы мәлімдеме жасаған жас маманға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 11 қарашада Абай ауданында комиссиясының отырысы өтті. Оған "Дипломмен - ауылға!" жобасы бойынша ауылға келген Ақбастау орта мектебінің физика пәні мұғалімі Әлихан Ибрагимовтың жариялаған үндеуі себеп болды.
"Бұл жағдай мұғалімнің жұмыс орынында үш күн бойы болмауынан туындаған. Мұғалімді жұмыстан уақытша шеттету туралы шешім қабылданып, түсіндірме хат талап етілген. Дәлелді себептермен жұмыста болмағанын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін ұстаз қызметтік міндетіне кірісті. Бұл ретте Әлихан Ибрагимовты қызметінен босату туралы бұйрық шығарылмаған.
Сонымен қатар, жоба аясында жас ұстазға көтерме жәрдемақы төленіп, екінші деңгейлі банктен бюджеттік несие берілгенін хабарлаймыз", - делінген Massaget.kz тілшісінің сауалына берілген ресми жауапта.
Сондай-ақ, комиссия мүшелері білім мекемесінің басшылығына маманға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған.
"Оқу орны типтік ғимаратта орналасқан және барлық санитария нормаcына сай. Сыныптарды жинақтау шағын жинақты мектептерге қойылатын талаптарға сай жасалған. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, блок-модульдік қазандық орнатылған, температура режимі қалыпты.
Іс-сапар қорытындысы бойынша комиссия мүшелері білім мекемесінің басшылығына маманға жан-жақты қолдау көрсетіп, шағын жинақты мектепте қолданылатын оқыту әдістемесін үйретуді тапсырды", - делінген Massaget.kz тілшісінің сауалына берілген ресми жауапта.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Әлихан Ибрагимов атты мұғалімнің мектептегі білім деңгейінің төмен екенін айтып, үн қатқан видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі бұл жайтқа қатысты пікір білдіргенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек