Облыс әкімі еш ескертусіз емханаға тексеруге барып, емдеу мекемесінің қызметкерлерін таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ермағанбет Бөлекпаев екі қалалық емханада барған: бірі қала орталығында, екіншісі шалғайдағы Пришахтинск шағын ауданында. Әкім Михайловкадағы № 1 емханаға барар жолда медициналық мекемеге баратын жолдың тазаланбағанын, тым тайғақ екенін көрген. Емхана ғимаратының өзінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, кейбір дәліз бен өтетін жерлерге құрылыс материалдары қойылған. Медициналық мекеменің әкімшілігі әкімнің алдында келушілер қолайсыздыққа шыдай тұруы керек екенін айтып ақталған.
Облыс әкімі барған Пришахтинскідегі № 2 емханада 33 мың тұрғын тіркелген. Дәлізде дәрігердің қабылдауын күтіп тұрған тұрғын Бөлекбаевтың өзіне тікелей шағымданған. Ол кезектің тым ұзақ екенін айтқан. Емхана әкімшілігі жағдайды түзетуге тырысқан.
"Бұл менің кенеттен емхананы тексеруім емес. Денсаулық сақтау жүйесіне аз ақша бөлініп отырған жоқ. Сондықтан тұрғындарымызға қолайлы жағдай жасау қажет. Ал қағаз жүзінде маған басқаша баяндалса, ал іс жүзінде біз басқа да проблемаларды көріп отырмыз", - деді Ермағанбет Бөлекбаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!