“Облыс әкімі болу - ер адамның ісі“ - депутат Ұлықбек Тұмашинов

“Облыс әкімі болу - ер адамның ісі“ - депутат Ұлықбек Тұмашинов
Фото: Видео кадры

Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов "Adal Adam" youtube-арнасына берген сұхбатында әйел әкімдер туралы пікір білдірді. Оның пікірінше, облыс әкімдері ретінде ер азаматтарды тағайындау орынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлықбек Тұмашиновтың айтуынша, төтенше жағдай кезінде ер әкімдер тиімді жұмыс істейді.

"Өңірді басқару оңай іс емес. Әсіресе аймақта төтенше жағдай орын алса, әйел әкімді аяр едім. Бір күнде қырық мәселе туындауы мүмкін. Жедел әрекет ету керек болады. Менің пікірімше, өңір басқару жедел жұмысты талап етеді. Ал жедел жұмысты ер адам басқаруы керек.

Әрине, дүниежүзілік тенденция бар. Президент әйел адамдар кездеседі. Әйел адамдарға да мүмкіндік беруге болатын шығар", - деді депутат.

Еске салайық, 2023 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 55,7 пайыз болған, алайда басшылық қызметте олар айтарлықтай аз, бары - 20,3 пайыз.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің сөзінше, Тәуелсіздік алған сәттен бастап саяси лауазымдарда қызмет атқаратын әйелдердің үлесі бірде-бір рет 15 пайыздан аспаған. Ол осы ретте әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова